Көрнекі сурет: Maksim Konstantinov/SOPA Images/LightRocket via Getty Images
Синоптиктер 18-20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанның бірқатар облысында ашық аязды ауа-райын анықтаған ауқымды антициклон өз позициясын бере бастайды.
"Осыған байланысты температуралық фонның біртіндеп көтерілуі және аздаған қар күтіледі. Ал елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын негізінен қар түрінде өтеді, көктайғақ күтіледі, сондай-ақ жел күшейіп, боран соғады. Түнгі және таңғы уақытта ел аумағында тұман күтіледі" - делінген хабарламада.