06 қар, 2023 сағат 14:26

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

© AP Photo / Charlie Riedel

Синоптиктер 7-9 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжам бойынша, барикалық алқаптардың ауысуы Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз болуына әсер етеді. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. 8-9 қарашада республиканың оңтүстігінде және 9 қарашада оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңда тұман түседі деп болжанады.

"Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы түнде 0-8 градус аяздан 0-5 градус жылыға дейін, шығыста 2-13 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 2 градус аяз - 5 градус жылыдан 3-10 градус жылыға дейін аздап жоғарылайды деп күтіледі" - делінген хабарламада.