Фото: oka.fm
ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті шаруа қожалықтарының реквизиттері мен құжаттарын пайдалана отырып, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді орындамай, шот-фактуралар жазып берген бірқатар тұлғаға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, жалған шот-фактуралар субсидияланатын таңқурай түрлерін жеткізуге жазылып, кейін шаруа қожалықтарының атынан субсидиялар алуға электронды өтінімдер берілген.
"Тексерулер нәтижесінде фермерлерде таңқурай егістік алқаптары жоқ болып шықты. Бұл азаматтар мемлекеттен 800 миллион теңгеден аса сомаға субсидия алған. Алаяқтық деректері бойынша 4 қылмыстық іс тіркелді", - делінген хабарламада.