21 мау, 2022 сағат 12:20

Ақтөбеде 16 жастағы қыз анасын өлтірген


Ақтөбеде 16 жастағы қыз бен оның 19 жастағы жігіті қыздың анасын өлтірді деген айып тағылуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаевтың айтуынша, айыпталушылар қылмыс жасағаны туралы тек бірнеше күннен кейін ғана айтқан.

Әйел өз үйінде өлтірілген. Қылмыстың себептері әлі ашылған жоқ.

Белгілі болғандай, қыз бесінші сыныптан бастап "қиын" жасөспірімдерге арналған кешкі мектепте оқып келген. Көршілері қызы мен анасы жиі ұрысып тұратынын айтқан.

Мамыр айының басында қыз бен оның досы кісі өлтірді деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.