Фото: Shutterstock
Адамзат тарихында қол жеткізілген өркениетті қадамдардың бірі – ядролық ғылым мен технологияларды бейбіт мақсатта пайдалану. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің мәліметінше, әлемде атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін қарастырып жатқан 27 елдің ішінде бірінші АЭС-ті салу бойынша 17 мемлекет қатарында Қазақстан шешім қабылдау сатысында тұр. Дегенмен қоғам арасында АЭС құрылыс жобасына екіжақты көзқарас бар. Сала мамандары, энергетиктер мен ғалымдар АЭС-ті салу елдегі экономиканың дамуы мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруына әкелер еді деген пікір айтады. Солардың бірі - инженер Саналбай Жанар Қайратқызы. Ол радиация табиғи көздерден табиғи түрде өндірілетінін айтады.
"Ядролық технологиялар халық пен ядролық қондырғылар персоналының денсаулығына радиациялық әсер ету мүмкіндігімен байланысты. Дегенмен, радиация табиғи көздерден табиғи түрде өндіріледі. «Жасанды» радиоактивті сәулеленудің адамға әсері табиғи радиациядан еш айырмашылығы жоқ. Ядролық қондырғылар адамдарды және қоршаған ортаны радиоактивті материалдардың шығуынан қорғау үшін көптеген қауіпсіздік кедергілерімен жасалған.
Ұлыбританияның қадағалау органының материалдарында ұсынылған есептеулерге сәйкес, британдық қоғамның кез келген мүшесі үшін ұсынылған атом электр станциясының жылдық сәулелену дозасы Ұлыбританиядан Нью-Йоркке және кері ұшу кезіндегідей болады. Адамдардың көпшілігі күнделікті өмірде әсер ететін радиоактивті сәулеленудің 0,1%-дан азын ядролық энергия құрайды", - деп жазды маман өзінің жеке парақшасында.