29 шіл, 2022 сағат 10:05

Адам өлімі болған Есіктегі атыс: барлық күдікті ұсталды

Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Алматы облысы Есік қаласындағы атысқа қатысқан күдіктілер анықталды. Бұл туралы облыстық ПД хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

1992-1999 жылы туған үш күдікті қамауға алынды. Олардың бәрі жергілікті тұрғындар және бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

"Негізгі күдікті бірінші тәулік ішінде ұсталды. Қалған екеуі кеше ұсталды. Үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жанжалда қолданылған атыс қаруы тәркіленіп, айғақ ретінде тергеу материалдарына қосылды", - деді Алматы облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Эльдар Әбдікенов.

Еске салайық, 23 шілдеге қараған түні Есік тұрғындары қала көшелерінен мылтық даусын естіген. Тексеруден кейін полиция 18 және 30 жастағы екі ер адамның оқ жарақатымен жергілікті ауруханаға жеткізілгенін анықтады. Кейінірек зардап шеккендердің бірінің қаза болғаны белгілі болды.