02 қыр, 2017 сағат 22:16

Мас үндістандық «Абу-Даби Плазада» жанжал шығарған

Елордада салынып жатқан «Абу-Даби Плазадағы» жанжалды мас үндістандық шығарды. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан «Абу-Даби Плаза» кешені аумағында, сағат 20-35-те Үндістаннан келген жұмысшылар мен қазақтар арасында шағын жанжал шықты. Жанжал Үндістаннан келген мас жұмысшыны күзетші нысан аумағына кіргізуден бас тартқаннан кейін туындаған. Осыдан кейін ол отандастарын шақырып, олар күзетшіні соққыға жыққан. Жергілікті жұмысшылар күзетшіге болысып, соның салдарынан төбелес туындап, оған шамамен 30 адам қатысқан. Оқиға орнына Үндістанның Қазақстандағы елшісі, жергілікті билік және компания өкілдері», - келді деді Алмас Садубаев.

Оның айтуынша, ішкі істер органдары одан ары тәртіпсіздіктерге жол бермеу және ахуалды тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар жүргізген. «Қала тұрғындарын арандатушылыққа бой алдырмауға, ойланбастан шалт қимылдарға бармауға, нақты емес ақпараттар мен сан түрлі алып-қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырамыз. Жағдай толықтай шешілді және полицияның бақылауында», - деді департамент басшысы.