Фото: ҰҚК Шекара қызметі
ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметкерлері Қостанай облысындағы шекарада 50 миллион теңгенің темекісін заңсыз алып өтпек болған шетелдікті ұстады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"17 мамырда «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметкерлері шетел азаматы тізгіндеген жүк көлігін тексеру барысында акциздік маркілері мен ілеспе құжаттары жоқ 205 қорап темекі тапты.
Тәркіленген тауардың құны алдын ала есеп бойынша 50 млн теңгеден асады", - делінген хабарламада.
Қосымша тергеу жүргізу үшін құқық бұзушы мен анықталған жүк облыстық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлеріне тапсырылды.