Фото ©REUTERS
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде маймыл шешегінің 550-ден аса жағдайы тіркелгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі ұйымның сайтына сілтеме жасап.
ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мемлекет халықтың кең топтарын бақылауды күшейту керек екенін айтты. Ол маймыл шешегіне шалдығушымен тығыз физикалық қарым-қатынаста болған кез келген адам оны жұқтыруы мүмкін екенін атап өтті.
"Қазіргі уақытта ДДСҰ-на 30 елден 550-ден аса расталған жағдай туралы ақпарат келіп түсті", - делінген хабарламада.