20 мау, 2022 сағат 12:15

20 жасқа толған атыраулық төртемнің фотосы жұртты сүйсінтті


2002 жылы Құлсары қаласында дүниеге келген төртем биыл 20 жасқа толды. Желіде олардың суреті жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Төртемнің есімдері: Әлия, Мәншүк, Исатай, Махамбет.

Желі қолданушылары жаратылыстың ғажайыбына таңданыстарын жасырмай, жастардың ата-анасына, өздеріне ұзақ ғұмыр тілеген. “Өмір жолдары ашық болсын!”, “Ғажап! Аман болсын!” “Аттары заттарына сай болсын!” деп пікір қалдырған.