Фото: © pixabay.com/pkozmin
Америкалық United Airlines әуекомпаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы алдыңғы терезесінде жарықшақ пайда болуына байланысты дереу бағытын өзгертті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz сайты The Independent басылымына сілтеме жасап.
Лас-Вегастан Вашингтонға ұшқан бортта тосын жағдай тіркелді. Ақауға байланысты лайнер Денверге қонуға мәжбүр болды. Ұшақта 166 жолаушы және 7 экипаж мүшесі болған.
United Airlines өкілі журналистерге берген сұхбатында "ұшақ техникалық қызмет көрсету мәселелеріне байланысты бағытын өзгертті" деп айтқан. Әуекомпаниядағылар ұшақтың жерге сәтті қонғанын және жолаушылардың басқа бортқа отырғызылғанын мәлімдеді.