17 сәу, 2022 сағат 16:19

Журналист "Однажды в России" шоуы туралы фейк ақпаратқа пікір білдірді


Танымал қазақстандық журналист Дмитрий Шишкин "Однажды в России" шоуының "жоспарланбаған кеші" туралы фейк ақпаратқа қатысты пікірін білдірді.

"Бірқатар журналист пен редактор желіде Мұсағалиевтің фейк афишасын бөліскен. Ешкім фотоны тексеріп, анық-қанығын білу үшін ұйымдастырушыларға хабарласып, тым болмаса Мұсағалиевтің өзіне жазып көрмепті. Фейк екені белгілі болғаннан кейін де солардың ешбіреуі кешірім сұрамады. Тек бірді-екілісі ғана бөліскен ақпарларын кетіріп тастады. Деңгейіміз осы боп тұр.

Содан кейін адамдар пиар саласында қызмет ету неге қиын екеніне таң қалады. Күн сайын өзін шын журналист санағандармен араласып, фейктары мен ақпараттық қоқыстарына "нағыз медиа" деп қарап келіппіз. Әрине, жаман күйде боласың.

Ал, комиктерге бұрынғы гонорарларын азық қылып, аз уақыт көлеңкеде отыра тұруға болар еді. Ресейде әзілдеп, концерт қоя алмай жүрген соң, тоқтай алмай өзге елдерді аралауға кірісіпті.

Қай-қайсысының да әсері жағымсыз" - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.