06 сәу, 2026 сағат 10:21

Қазақстанда әр үшінші сотталған – қайта қылмыс жасағандар


Фото: Хабар24


Қазақстанда бір сотталған адамды ұстау мемлекет бюджетіне жылына 3 млн теңгеге дейін шығын әкеледі. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.


Қадағалау органының мәліметінше, 30 мың сотталғанның әрбір үшіншісі бұрын да жаза өтеген.


«Халықаралық тәжірибені ескере отырып, оларды жұмыспен қамту және табысты әлеуметтік бейімдеу әлдеқайда тиімді. Бас прокуратура заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды, оған сәйкес қайта әлеуметтендіру функциялары әкімдіктерге жүктеледі, ал бұл жұмысты үйлестіру Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беріледі. Министрлік бұл бастаманы қолдады», – делінген хабарламада.