25 нау, 2021 сағат 23:37

Жұмаға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оңтүстік және Атлантикалық циклондармен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады – жауын-шашын, батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік-шығыс, орталық пен шығыста – жаяу бұрқасынмен, оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай күтіледі.

Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі, Жамбыл, Қызылорда облыстарында – тұман. 

Алматы облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшейюі күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.