20 ақп, 2021 сағат 09:38

Жұма күні шетелден ұшып келген 337 жолаушының ПТР анықтамасы жоқ

19 ақпанда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

19 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді. 

2 761 жолаушы ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 2 424 адам, анықтамасыз - 337 ҚР азаматы келді. 

Оның ішінде: 

- Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 608 жолаушы, анықтамамен - 1 354, анықтамасыз - 254; 

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 106 жолаушы, анықтамамен - 1 023; анықтамасыз - 83; 

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 47 жолаушы анықтамамен келген. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР тес тапсырып, карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр. 

Ал 18 ақпанда анықтамасыз келген барлық 451 ҚР азаматының ПТР талдауы теріс нәтиже көрсетті.