Франция әуе қорғаныс күштерінің «Рафаль» екі жойғыш ұшағы елдің оңтүстік-шығысында ұшу сынағын өткізіп жүрген кезде оның бірі электр желісін ұзіп кетіп, сол маңдағы ауылдарды бірнеше сағат жарықсыз қалдырды, деп хабарлайды ВВС.
Оқиға Прованс-Альпі-Көкшіл жағалау аймағындағы Ле-Кастелле кенті маңында болды.
Әуе жандармериясы оқиғаны тергеуді бастады.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақтар Воклюз департаментіне қарасты Оранж қаласы жанындағы әуе базасынан ұшып шыққан.
Ауыл бірнеше сағат жарықсыз отырды. Қауіпсіздік мақсатында ауылға баратын жолдар жабылды.
«Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға салдарынан ұшқыш Оранж әуе базасына 14:11-де қонуға мәжбүр болған», - деді Франция әуе қорғаныс күштерінің баспасөз хатшысы La Provence-ке берген сұхбаты кезінде.
Әуе қорғаныс күштері мұндай сирек болатын жағдай үшін өкініш білдірді.