Еліміздегі жоғары оқу орындарында студенттер саны өскенмен, оның инфрақұрылымы ұлғаймаған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің жоғары оқу орны басшыларымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Еліміздегі жоғары оқу орындарында студенттер саны өскенмен, оның инфрақұрылымы ұлғаймаған. Сондықтан, министрдің тапсырмасы бойынша биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жоғары оқу орындарындағы инфрақұрылымды дамыту бойынша іс-шара басталады»- дейді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.
Оның айтуынша, министрлік білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қатаңдату бойынша жұмыс істеп жатыр деген пікір бар. Жақында жасалған өзгерістерге көз жүгіртетін болсақ, академиялық тәуелсіздікті кеңейту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанымен қатар, сапаға қойылатын талаптар да арта түсуде.
«Бірінші, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына өзгерістер енгізілді, бұл бакалавриат деңгейінде практиктерді тартуға кең мүмкіндік берді. Екінші, магистратурада және докторантурада деңгейіндегі ғылыми жетекшілерге қойылатын талаптар күшейтілді. Үшінші, докторантураның мазмұны академиялық жазудағы пәндерді және ғылыми зерттеу әдістерін қамтиды», - дейді ол.
Сондай-ақ, қызметтің типтік ережелері ақылы білім беру қызметін реттейтін ереже алып тасталды. Сыныптар мен жатақханаларды пайдалану үшін сенімді басқару мүмкіндігі қарастырылған.