#
#
Сенбі 06/03/2021

Жеті облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 21.02.2021
  • 0
  • 163

Еліміздегі жеті облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

22 ақпанда күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 

22 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 

Ертең Оралда жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

22 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

22 ақпанда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. 

22 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Желдің оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 18 м/с жетеді. 

Ақтөбе қаласында 22 ақпанда күндіз жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

22 ақпанда күндіз Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

22 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Жел батыстан соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар