24 жел, 2024 сағат 17:27

Жерорта теңізінде ресейлік кеме батып кетті


Фото: телеканал 78

Ресейдің жүк кемесі Жерорта теңізінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты El Espanol басылымына сілтеме жасап.

"Ресейлік Ursa Major жүк кемесі дүйсенбіде машина бөлмесінде болған жарылыстан кейін Агилас (Испанияның Мурсия провинциясы) мен Оран (Алжир) қаласы арасындағы суларда батып кетті. Экипаждың 14 мүшесі құтқарылып, Картахена портына жеткізілді. Тағы екі адам әлі күнге дейін табылмады", - деп жазды басылым.

Құтқару операциясына бірнеше балық аулау қайықтары қатысқан. Кейін оларға көмекке Clara Campoamor кемесі мен Испания әскери-теңіз күштерінің патрульдік қайығы келді. 

Ресейлік кеме Санкт-Петербург қаласынан 12 күн бұрын шыққан. Көрші елдің сыртқы істер министрлігі жүк көлігі апатқа ұшырағанын, екі азамат жоғалып кеткенін растады.