05 там, 2019 сағат 11:20

Жерге алып астероид жақындап келеді

10 тамыз күні 2006 QQ23 астероиды Жерге дейін 0,049 астрономиялық бірлікке (7,3 миллион км) ғана жетпей, сағатына 16 740 километр жылдамдықпен ұшып өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат НАСА Реактивті қозғалыстар зертханасының Жер маңындағы нысандарды зерттеу орталығына сілтеме жасап.

Жерге жақындап келе жатқан астероидтың диаметрі - 570 метр. Бұл, Нью-Йорктегі белгілі Эмпайр-стейт-билдинг (443 метр) мұнарасының биіктігінен де үлкен. Дегенмен, дәл қазіргі уақытта аспан денесі біздің ғаламшарға ешқандай қауіп төндірмейді.

Айта кетейік, Күн жүйесінде үлкендігі бір километрден асатын 900 жермаңы нысаны бар. Яғни олар көлемі мен салмағы жағынан 2006 QQ23 астероидынан әлдеқайда үлкен.

НАСА Жерге жақын ұшып өтетін кометалар мен астероидтардың ұшу траекторияларына зерттеу жұмыстарын олар тікелей қауіп төндіріп тұрғандықтан ғана емес, сондай-ақ ол нысандардан болашақта қандай қауіп төнуі мүмкіндігін анықтау үшін өткізеді.

Жалпы, жыл сайын орта есеппен 2006 QQ23 астероидының көлемімен пара-пар алты ғарыш нысаны Жерді маңайлап ұшып өтеді.