25 мам, 2021 сағат 19:34

Жер тұрғындары айдың толық тұтылуын тамашалайды


Ертең, 26 мамыр күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:45 пен 18:53 аралығында Ай толықтай тұтылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жер ғаламшары Күн мен Айдың ортасына келгенде Ай тұтылады, яғни Жердің көлеңкесі серігінің бетіне түседі. Басқаша айтқанда, аспан денелері бір қатарға тұрады. Жер көлеңкесіне толық кіргеннен кейін Айдың жүзі қызғылт реңкке енеді. Сол себепті бұл құбылысты кейде «қанды Ай» деп те айтады. Ай Жердің көлеңке аймағына енгенде, Ай тұтылуы басталады. Өкінішке орай, қазақстандықтар табиғаттың осынау бірегей сәтін тамашалай алмайды. Оны Шығыс Азия, Аустралия, Тынық мұхиты және Америка тұрғындары көреді. 

Айта кетерлігі 10 маусымда Күн сақиналы түрде тұтылады. Ол Солтүстік Канада, Гренландия және Ресейде жақсы байқалады. Сақиналық және жартылай фазаларды ТМД елдерінің аумағынан көруге болады. 

Ал 19 қарашада Айдың ішінара тұтылады. Оның әртүрлі фазаларын Оңтүстік Америка, Индонезия, Аустралия, Азия және Қиыр Шығыстың тұрғындары көреді. Толық тұтылуды Солтүстік Америка, Чукотка және Камчаткада байқауға мүмкіндік бар. 

Сондай-ақ 4 желтоқсанда Күн толық тұтылуы мүмкін. Оның белдеуі Тынық және Атлант мұхиттары арқылы, сондай-ақ Антарктида арқылы өтеді. Тұтылудың кішігірім фазаларын Африканың оңтүстігінен және Аустралиядан көруге болады.