#
#
Cәрсенбі 12/08/2020

Жер шетелдіктерге сатылмайды, бұл мәселеге енді оралмаймыз - Президент

  • 10.07.2020
  • 0
  • 268

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы уақытқа дейін 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылғанын мәлім етті, деп хабарлайды «Ұлт ақапарт».

Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

«Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылды. Жерді алдың ба, оны игеру керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталатынын айтты.

«Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз», - деді ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар