Фото: ашық дереккөз
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы рейстердің жиілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Осы бағыттағы жұмыстар аясында «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы 29 наурыздан бастап Ташкент – Атырау бағыты бойынша жаңа рейсті іске қосуды жоспарлап отыр. Ұшақтар аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері «Airbus A320» әуе кемелері арқылы қатынайды.
Аталған әуе бағытын ашуға 2025 жылғы 14 тамызда Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік органдары арасында өткен келіссөздер негіз болған. Кездесу барысында екі ел арасындағы халықаралық рейстерді жүзеге асыру үшін құқықтық базаны кеңейту жөнінде келісімге қол жеткізілді.
