20 нау, 2026 сағат 12:56

Алатау қаласы әкімсіз басқарылады

Фото: Ustinka.kz

Қазақстанда жаңадан бой көтеріп жатқан Алатау (Alatau City) қаласында еліміз үшін тың басқару жүйесі енгізілмек. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Жаңа модель бойынша қаланы әкім емес, Alatau City Authority деп аталатын арнайы мемлекеттік орган басқарады. Қаланың даму стратегиясын Премьер-министр басқаратын кеңес айқындаса, күнделікті әкімшілік жұмыстарды Бас атқарушы директор (CEO) жүзеге асыратын болады.

Қанат Бозымбаевтың түсіндіруінше, билік тармақтары келесідей бөлінеді: 

Стратегиялық кеңес: Негізгі даму бағыттарын бекітеді, маңызды әкімшілік актілерді қабылдайды.

Әкімдік пен Мәслихат: Қаланың тек әлеуметтік, коммуналдық және қоғамдық мәселелерімен ғана айналысады.