25 нау, 2026 сағат 12:09

25 наурызда республика бойынша қай жолдар ашық?


Фото youtube.com
25 наурыз таңындағы ахуал бойынша ел аумағындағы бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс режимі қайта қаралды. ҚазАвтоЖол ұсынған мәліметке сәйкес, кей бағыттарда көлік қозғалысы қалпына келтірілсе, енді бір учаскелерде ауа райының қолайсыздығына байланысты шектеулер енгізілген, деп хабарлайды Ult.kz.

Қазіргі уақытта келесі жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін жол ашылды:


Қарағанды облысы: «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» тас жолының 970-1135 шақырымы (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін);

Павлодар облысы: Дәл осы жолдың 1135-1206 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін).

Қай жолдар жабық?
Ауа райы мен жол жағдайына байланысты келесі бағыттарда көлік қозғалысына тыйым салынды:

Ақмола облысы: «Астана — Қарағанды — Алматы» тасжолы (Жібек жолы ақылы өту пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін);

Солтүстік Қазақстан облысы: «Тимирязево — Сарыкөл — Қостанай облысының шекарасы» (Тимирязево ауылынан облыс шекарасына дейін);

Павлодар облысы: «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» (Қалқаман жол айрығы маңында).

Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында күрделі тау жағдайына байланысты тіркемесі бар жүк көліктері үшін шектеу әлі де өз күшінде.