Фото: ашық дереккөз
Ақорда Ерболат Досаевтың қызметінен босатылғанын хабарлады.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.
Ал Нұрлан Байбазаров Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.
