25 ақп, 2021 сағат 12:22

Жер пікірталасындағы ең маңызды мәселе жабық деп сенімді түрде айтуға болады - Қарин

Президент шетелдіктерге жер сатуға тыйым салу туралы норманы заңдастыруды тапсырды. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Telegram желісінде жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін Ұлттық кеңес отырысында Президенттің басты бастамаларының бірі – барлық қазақстандықтарды толғандыратын жер мәселесіне қатысты болды. Мемлекет басшысы бұл жөнінде бірнеше рет пікір білдірген болатын. Оның нақты және принципті ұстанымы бар: «Біздің жеріміз шетелдіктерге сатылмайды». Осыған байланысты Президент шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге тыйым салуды заңдастыруды тапсырды. Осылайша, Мемлекет басшысы бұл мәселеге түбегейлі нүкте қойды», - деп жазды Ерлан Қарин Telegram желісінде

Ол үшін Президенттің заң шығару бастамасы тәртібімен Президент Әкімшілігі тиісті заң жобасын әзірлейді. Президент бұл құжатты өз өкілеттіктері аясында әзірлеуді бастама ете отырып, осы норманы заңнамалық рәсімдеу бойынша өз көзқарасын көрсетеді.

Атап өткен жөн, қолданыстағы нормаларға сәйкес заң жобасына 3 тәсілмен бастамашылық жасалуы мүмкін: Үкіметтің заң шығару бастамасы бойынша, Парламент депутаттарының бастамасы бойынша және Президенттің бастамасы бойынша. 

«Әрбір жағдайда тиісті мақұлдау процедурасы бар. Президенттік бастама аясында заң жобасын әзірлеу қысқа мерзімде шетелдіктерге жерді сату және жалға беруге тыйым салуды заңнамалық рәсімдеуге мүмкіндік береді. Осылайша, жер пікірталасындағы ең маңызды мәселе жабық деп сенімді түрде айтуға болады. Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану бойынша қалған мәселелер Жер комиссиясы аясында жұмыс тәртібімен қаралуы тиіс, оның құрамы бір ай ішінде анықталып, наурыз айының соңында жұмыс істей бастайды», - дейді Ерлан Қарин.