28 қар, 2022 сағат 14:12

Желіде мұз қатқан пойыз әжетханасының видеосы тарады

көрнекі сурет

Желіде "Өскемен-Астана" бағытындағы пойыздың мұз қатқан дәретханасы түсірілген видео тарады. Бұл жайтқа қатысты "Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметінің өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Жолаушылар басқа вагонға ауыстырылды. Бүгінде вагондар Астана станциясының техникалық қызмет көрсету пунктінде орналасқан. Жылыту жүйесінде шыққан ақауды жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Вагондарға техникалық қызмет көрсету бойынша Patentes Talgo жауапты. Ұлттық тасымалдаушы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", - деді компания өкілдері.