10 қаз, 2022 сағат 08:44

Желіде Қырым көпіріндегі жарылыстың спутниктен түсірілген суреттері жарияланды


Америкалық Maxar Technologies және Planet Labs компаниялары Twitter-дегі парақшаларында 8 қазан таңертең Қырым көпірінде болған жарылыс пен өрттің спутниктен түсірілген суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Суреттерде көпірдегі апаттан келген шығын анық көрсетілген. Керчь бұғазы арқылы созылып жатқан көпірде жанып жатқан цистерналардан шыққан түтін мен қираған көпір аралығы да көрінеді.

Еске салайық, 8 қазанда Қырым көпірінде жүк көлігі жарылып, салдарынан пойыздың жеті жанармай цистернасы өртенді.