Сейсенбі күні, 16 шілдеде Ирактың оңтүстік-шығысында орналасқан Басра провициясында мұнай терминалы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлеуметтік желіде оқыс оқиға жайлы кадрлар жарияланды.
БАҚ мәлім еткендей, қызметкерлерді эвакуациялауға тура келген. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Өртенген терминал кемелерге мұнай өнімдерін құюға пайдаланылған.