Boris Sartayev есімді Facebook қолданушысы отбасылық бюджетке талдау жүргізу туралы оқушы қызына берілген тапсырмаға шүйлігіп, жазба қалдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оның жазуынша, оқулықтағы тапсырмада оқушыларға әкесі мен анасының табысын жазып келу талап етілген.
«Мына қызықты көріп, таң-тамаша қалып отырмын. Қызым келіп, әлемді тану (ондай пән төртінші сыныпта бар) бойынша тапсырмаға көмектесіп жіберуімді өтінді. Ұқпаған тұсын сұрады (...). Оқулықты жасаушылар, сіздер түнде салық органдарында жұмыс істеп жүрген жоқсыздар ма? Мына сұрақтың сиқын қараңдар! Отбасылық табысты балалар арқылы біліп алу жөн деп отырсыңдар ма?» - деп жазады ашулы әке.
Әлеуметтік желі қолданушысы оқулықтағы тапсырманы құпия қызметтің жұмысымен салыстырады.
«Мен мұндай оқулықтар мен тапсырмаларға қарсымын! Әлбетте, табысты жасыру керек деген пайым-пікірге сүйеніп отырған жоқпын. Бұл заңсыз», - деді ол.
Еске сала кетсек, кеше Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқулық даярлау, талдау шараларына сын айтылып жатқанын мойындаған еді. Осы мәселелерді шешу үшін қазіргі уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігі оқулық сапасын жақсарту және сараптау тетігін жаңарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ авторлар мен сарапшыларды оқыту, оқулықтарға «жасырын» шолу жасау, сарапшыларды сертификаттау ұйымдастырылады.