16 қыр, 2022 сағат 10:16

Желі қолданушылары Тоқаевтың ерекше портретіне тәнті болды


Суретші Рауаж Алдаров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың портретін ерекше әдіспен салып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Рауаж cурет салу үшін картон қорапты таңдаған. Жас суретші Президенттің портретін қайшы және қара қарындаш көмегімен қиындылар жасап, салып шыққан.

Әлеуметтік желі қолданушылары жас таланттың шығармашылығына тәнті болды. Сурет салу процесі түсірілген видео TikTok-та 1,5 миллион қаралым жинаған.

Рауаж Алдаров – Алматы облысынан. Денсаулығына байланысты мектепті биыл 20 жасында бітірген. Ол бала күнінен сурет салады. Суретші жұмыстарын TikTok әлеуметтік желісінде бөліседі. Бүгінде оның аудиториясы миллион адамнан асады екен.