17 нау, 2021 сағат 23:50

Жел, жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ - бейсенбіге арналған ауа райы

Бейсенбі, 18 наурызда еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, батыста жаяу бұрқасын, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігінде антициклон шоғыры әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік-шығысында аздаған қар жауады. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, батыста жаяу бұрқасын, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 17-22 м/с жетеді, күндіз шаңды дауылмен күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола, Түркістан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Атырау облысының кей жерлерінде 17-22 м/с күшейеді. 

Алматы, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.