Оңтүстік африкалық боксшы Симисо Бутхелези Дурбанда (ОАР) өткен жекпе-жекте алған бас миының жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Vesti.kz сайты talkSPORT порталына сілтеме жасап.
Өткен демалыстағы бокс кешінде оны рингтен бірден ауруханаға алып кеткен еді. Оныншы раундта фаворит есептелген Бутхелези жекпе-жек кезінде есінен адасып, ауаны ұра бастаған. Осы кезде төреші айқасты бірден тоқтатты.
Видеоқайталау Бутхелези қарсыласы Сифесихле Мнтунгваның соққысын өткізіп алғанын көрсетті.
Ауруханада боксшыны алдымен жасанды комаға түсіру керек болды, кейін оның көз жұмғаны белгілі болды.