23 ақп, 2023 сағат 14:38

Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша өтініш қабылдау қашан басталады?

Фото:elements.envato.com

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша өтініштер қабылдау қашан басталатынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Оның айтуынша, банкроттық бойынша өтініштер электрон форматта түсе бастаған.

"Қаржы басқарушылары бойынша мемлекеттік қызметті қостық. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен басқа да мекемелер ретінде 40 ақпараттық жүйемен интеграцияланған жаңа ақпараттық жүйені құрдық. Екі рет пилоттық сынақ жүргізілді, жүктеме сынақтары жүргізілді, жүйе жұмыс істейді. 3 наурызда алғашқы өтініштердің қабылдануын күтеміз, жоғары деңгейдегі қызметкерлеріміз борышкерлер ең көп аймақтарға жіберіледі", - деді Біржанов Сенат отырысында депутаттар сауалына жауап беріп.