Халықаралық технологиялық HONOR компаниясы өзінің флагмандық HONOR Magic8 Pro смартфоны Android 17 Beta 3 әзірлеушілерге арналған нұсқасын қолдайтын саладағы алғашқы құрылғылардың қатарына енгенін хабарлады. Бұл HONOR-дың Google компаниясының негізгі серіктестерінің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, әзірлеушілерге операциялық жүйенің жаңа мүмкіндіктерін алдын ала сынауға, қосымшалардың үйлесімділігін оңтайландыруға және оларды брендтің флагмандық құрылғысына бейімдеуге мүмкіндік береді.
Android 17 Beta 3 нұсқасына ерте қол жеткізу HONOR мен Google арасындағы Android экожүйесін дамыту бағытындағы тығыз ынтымақтастықты растайды және әзірлеушілерге болашақ операциялық жүйенің жаңа құралдары мен функцияларымен алғашқылардың бірі болып жұмыс істеуге жол ашады.
Пайдаланушылар үшін Android 17 смартфонмен өзара әрекеттесудің анағұрлым интуитивті, қауіпсіз әрі жекелендірілген тәжірибесін ұсынады. Beta 3 нұсқасының басты жаңалықтарының қатарында Bubbles жүйелік қолдауымен кеңейтілген көптапсырмалылық мүмкіндіктері, байланыстарды ыңғайлы басқаруға арналған жаңартылған жылдам баптаулар, сондай-ақ экранды жазу мен геолокацияны бөлісу кезіндегі құпиялылықты күшейтетін құралдар бар.
Мобильді фотосуретке ерекше назар аударылған. Android 17 Beta 3 алғаш рет RAW14 форматын нативті түрде қолдайды. Бұл фото түсіру мен өңдеуге арналған үшінші тарап қосымшаларына HONOR Magic8 Pro смартфонындағы фирмалық AiMAGE камерасының мүмкіндігін толық пайдалануға жағдай жасайды. Жаңа формат жоғары детальдылықты, кең динамикалық диапазонды және түстерді кәсіби деңгейде дәл жеткізуді қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар жаңарту интерфейсті кеңінен баптау мүмкіндіктерін, қолданбаларға арналған жеке параметрлері бар жетілдірілген қараңғы режимді, экран жазу мәзірінің жаңартылған нұсқасын және жергілікті желіні қорғау мен посткванттық криптографияны қолдау секілді қосымша қауіпсіздік функцияларын қамтиды.
Әзірлеушілерге Android 17 Beta 3 нұсқасына жедел қолжетімділік ұсына отырып, HONOR ашық Android экожүйесін дамытуға және әлем бойынша әзірлеушілерді қолдауға бейілділігін тағы да растады. Бұл Android 17-нің ресми релизіне барынша бірқалыпты көшуге мүмкіндік береді.
HONOR бренді туралы
2013 жылы негізі қаланған HONOR — интеллектуалды құрылғылар шығаратын әлемдік жетекші компаниялардың бірі. Компания жаһандық технологиялық брендке айналып, кез келген сценарийде, барлық арна мен барлық адам үшін ақылды өмір салтын қалыптастыруды мақсат етеді. Инновация, сапа және сервиске стратегиялық басымдық бере отырып, HONOR әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдарға үйреншікті мүмкіндіктерден асып түсіп, инновациялық өнімдер портфелі арқылы жаңа интеллектуалды әлем құруға жол ашатын технологияларды дамытып келеді.
