11 шіл, 2024 сағат 18:49

Жасанды интеллект арқылы сыныптас қыздарды шешіндірген: Испанияда оқушыларды сотқа тартты



Испанияның оңтүстік-батысында 15 оқушы жасанды интеллект арқылы сыныптас қыздардың жалаңаш бейнесін жасағаны үшін сотқа тартылды, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Theguardian-ның жазуынша сыныптастарының жалған бейнелерін жасағаны және таратқаны үшін жасөспірімдерге бір жылға шартты түрде үкім берілді. Бұл іс қоғамда дау тудырып, жасанды интеллектің ақпарат қауіпсіздігіне, адамның ар-намысына қалай нұқсан келтіретіні талқыға түсті.

Полиция бұл істі өткен жылы Экстремадурадағы Альмендралехо қаласындағы ата-аналар WhatsApp топтарында жалаңаш қыздарының жалған фотосуреттері таралып жатқанын хабарлағаннан кейін бастады.

Жәбірленушілердің бірінің анасы WhatsApp-та фотосуреттерді тарату шілде айынан бері жалғасып келе жатқанын хабарлады.

Сейсенбіде Бададжос қаласындағы кәмелетке толмағандар соты "жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықты бейнелеу ісі" бойынша 20 айып тағып, "жәбірленушілердің ар-ожданына қайшы" 20 айып бойынша кінәлі деп танығанын мәлімдеді.

Айыпталушылардың әрқайсысына бір жылдық шартты мерзім тағайындалып, гендерлік және теңдік туралы білімді арттыру, сондай-ақ "технологияларды жауапкершілікпен пайдалану" бойынша сабақтарға қатысуға үкім шықты.

Жауапқа тартылған балалардың жасы 13 пен 15 жас аралығында.