23 ақп, 2022 сағат 14:41

Zhas Project жобасын оңай әрі жеңіл еткіміз келеді – Вице-министр


Қазақстанда Zhas Project жобасы жалғасуы мүмкін. Жобаны қалай жүргізу қажеттігі туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Zhas Project жобасын жалғастыру мәселесіне келсек, біз бұл тәжірибені оң бағалаймыз. Шынында да, біз жобаны жалғастыруды жоспарлап отырмыз, бірақ қазір оның қалай жүргізілетінін әзірлеудеміз. Біз басқару моделі мен дәлелге негізделген саясатты қалыптастыруға көшкіміз келеді. Сондықтан, зерттеу жүргізген кезде, түрлі зерттеу топтарымен сөйлескенде, жастарға шын мәнінде не қажет екенін түсінеміз және соның негізінде саясат қалыптастырамыз. Адам қандай да бір әлеуметтік жобадан түлеп ұшқан соң жалғыз өзі қалады. Біздің міндетіміз – оларға қолдау көрсетуге тырысу. Адам жай ғана өз жобаларын іске асырды екен деп тоқтап қалмауымыз керек», - деді А. Данилов. 

Вице-министр ең басты сипаттама жобалардың құндылықтарын бекітуде жатқанын атап өтті. 

«Бұл ретте не айтқымыз келеді? Біз Zhas Project тәсілдерін мемлекеттік қаржыландыру кезінде қалай сақтау керектігі жөнінде ойланып отырмыз. Бұл да өте маңызды. Біз толық жасалмаған өніммен нарыққа шығуды дұрыс емес деп санаймыз. Жобаны салыстырмалы түрде оңай, жеңіл еткіміз келеді, бірақ сонымен бірге оны мемлекеттік қаржыландыру тұрғысынан қазіргі жағдаймен байланыстырғымыз келеді. 

Біз қолдау бағдарламалары арқылы жобаларды жалғастыра алу рөлін күшейту үшін жергілікті ҮЕҰ-дарды қолдау моделіне сүйенеміз. Бірінші айтқым келетін нәрсе – бізге сіздің зерттеулеріңіз, пікірлеріңіз қажет. Егер Zhas Project жобасын биыл іске қоссақ, пилоттық жоба етіп бастауды жоспарлап отырмыз. Оған қоса тиімділікті бағалаудың қосымша элементтерін енгіземіз», - деді Александр Данилов.