25 мау, 2019 сағат 12:31

Жарылыстан зардап шеккендерге көмектесуге ниетті азаматтар көп - БҒМ

Түркістан мен Шымкент қалаларында Арыс тұрғындарына материалдық көмек жинауға арналған екі пункт ашылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Білім және ғылым министрлігінен хабарланғандай, аталмыш пунктер Түркістандағы А.Яссауи атындағы Қазақ-түрік Халықаралық университеті (барлық сұрақтар бойынша университеттің өкілі Алтынбек Кенжалиевке хабарласуға болады - 87017702427) мен Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік университетінде (үйлестіруші Қайрат Еңбекшіұлы, 87773963052) ашылып отыр.

Білім және ғылым министрлігі жарылыстан зардап шеккендерге көмектесуге ниетті азаматтардың көп екенін хабарлайды. Материалдық көмекті ұйымдасқан түрде жинау үшін аталған екі пунктті ашу туралы шешім қабылданған. Алғашқы қажеттіліктегі тауарлар (дәрі-дәрмек, гигиенаға қажетті заттар, киім-кешек пен басқа да заттар) көптеп түсіп жатыр. Түскен тауарлар бірден еріктілер арқылы халыққа таратылуда. Сонымен қатар, ақша аударымдары үшін арнайы шоттар ашылған.

Еске сала кетсек, Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында елімізде кеше «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды. Акция аясында Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін Облыс әкімшілігінің жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуыңызға болады.

Анықтама: «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері

Түркістан обласы

Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы, 34 А ғимараты,

Пошта индексі  161200

БСН (БИН)  100440016000

«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы

ЖСК (ИИК)  KZ7196528F0007014540

БСК (БИК)   IRTYKZKA