Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, деп хабарлайды Hindustan Times газеті.
Басылымның жазуынша, жергілікті полицияға белгісіз ер адам хабарласып, көрнекті жерге мина қойылғаны туралы хабарлаған. Содан кейін дереу эвакуациялау жұмысы жүргізілді.
Тәж-Махал кешенін полиция қоршауға алды. Қауіпсіздік күштері жарылғыш затты іздеп жатыр.