13 там, 2019 сағат 16:56

Жапонияға «Кроса» тайфуны жақындап қалды

Шығыс Жапонияның жағалауына жойқын «Кроса» тайфуны жақындап келеді, деп хабарлайды елдің метеорологиялық агенттігі.

Kyodo News мәліметінше, бейсенбі күні жоғары жылдамдықтағы жолаушылар экспресінің қозғалысына түгелдей шектеу қойылатын болады.

Тынық мұхитының оныншы тайфуны бүгін Жапонияның Танэгасима аралынан 500 шақырым жерде болған. Сәрсенбі және бейсенбі күні тайфун батыс өңірлерге жетеді деп күтілуде.

Жапонияның метеорологиялық агенттігі тайфунның салдарынан нөсер жаңбыр жауатындықтан батыс және шығыс аудандардағы өзендерде лай көшкіндерінің, су тасқынының болуы, су деңгейінің көтерілуі мүмкін екенін ескертеді.

Тайфунның орталығындағы атмосфералық қысым бүгін түскі уақытта 965 гПа-ға, желдің жылдамдығы секундына 162 шақырымға жетті.

Сәрсенбіге қарай Жапонияның орталығындағы Токаи аумағында - 300 мм дейін, шығыс Кинки ауданында 200 мм дейін жауын-шашын күтіледі.