16 қаң, 2022 сағат 16:36

Жапонияда жанартау атқылап, Тынық мұхитында цунами болды


Жексенбі күні таңертең Жапонияда Тынық мұхитының оңтүстігіндегі Тонга аралында жанартау атқылап, салдарынан цунами болды. Метеорологиялық агенттік табиғи апат туралы ескерту жариялап, 210 мың адам биік жерге ауысуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo Newsагенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік 3 метрлік цунамидің Амами аралы мен солтүстік-шығысындағы Иватэ префектурасын қосқанда, Жапонияның оңтүстік-батысындағы кейбір аралдарға зардап келтіруі мүмкін екендігін хабарлаған. 

Сенбі күні түн жарымына таман Амами қаласында 1,2 метр биік, жексенбі күні таңғы 2:26-да Иватэ префектурасында биіктігі 1,1 метрлік, ал Хоккайдодан Кюсо мен Окинаваға дейін кішігірім цунами байқалған.

Өрт және табиғи апаттармен күрес агенттігінің хабарлауынша, Аомори, Иватэ, Мияги, Тиба, Коти, Миядзаки және Кагосима префектураларында кем дегенде 210 мың адамнан жағалаудан кету сұралды. 

Айта кетсек, соңғы рет цунами туралы ескерту 2016 жылы қарашада Жапонияның солтүстік-шығысында 7,4 балдық жер сілкінісінен кейін жасалған болатын.