Жапонияның Иокогама қаласындағы көрмеден құны 1.8 млн доллар (200 млн йен) болатын гауһартас ұрланды, деп хабарлайды Kyodo агенттігі.
Полицияның мәліметінше, 50 караттық гауһар Пасифико Иокогама көрме орталығында зергерлік бұйымдар көрмесіне қойылған.
Қызметкерлердің бірі гауһар тастың жоғалғанын шамамен кешкі 6-ларда байқаған. Таспен ұрып сындырылған сөре ашық қалған.
Полиция гауһар тас аз уақыт ішінде ұрланған деп болжап отыр, себебі ол сағат 5-те көрмеде әлі де көрсетіліп тұрған.