Жапонияның солтүстігінде түнде қалың қар жауып, салдарынан он бір жолаушыға пойызда түнеуге тура келген. Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлады.
Солтүстіктегі Хоккайдо префектурасында жүрген экспресс пойыздың алты вагондарының бірінде бұғатталып қалған адамдар одан таңертең ғана шыға алған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Вагондар жылытылып, барлық қажетті көмектер көрсетілді. Таңертең барлық жолаушыларға тамақ берілді.