12 нау, 2021 сағат 13:13

Жапонияда алғашқы сакура гүлдеді

Жапондар өз елінің символы санайтын сакура осы аптада елдің батысында гүлдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Kyodo News-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы жұма күні Жапонияның ұлттық метеорологиялық басқармасы мәлім етті. 

Сакураның алғашқы гүлдеуі 11 наурызда Хиросимада басталды. Бір қызығы, биылғы жылы сакура ерте гүлдеді. Осы уақытқа дейін бұл аймақта бір-ақ рет – 2010 жылдың 10 наурызында ерте гүлдеген болатын. Ал жапон метеорологтарының айтуынша, бұл әдемі ағаштың екінші гүлдеуі жұма күні Фукуокада болды.

Жапондар сакураны өз елінің символы деп санайды және оның гүлі бейресми елтаңба мәртебесіне ие. Өткен жылы пандемияға байланысты жергілікті тұрғындар мен шетелдік туристер сакураның гүлденуін тамашалай алмады. Токиода ерекше қатаң шектеулер болып, билік жергілікті тұрғындарға сакураның гүлденуі кезінде саябақтарда серуендеуден бас тартуға кеңес берді. Биылғы жылы да жағдай жақсармайды деп күтілуде – Токиода жаңа коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдай режимі 21 наурызға дейін созылып отыр