Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17КО) кезекті жекпе-жегін «Алып кельт» лақап атымен танымал британдық Тайрон Маккенаға (21-2-1, 6КО) қарсы өткізеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Айқаста Жаңқош жартылай орта салмақ дәрежесіндегі WBO Inter-Continental чемпионы атағын қорғайтын болады.
Әуелде бұл жекпе-жек Дубайда (БАӘ) 12 наурызда өтеді деп жоспарланды. Бірақ кейінірек 3 сәуірге ауысты. Өтетін орны өзгерген жоқ.
Бокс кешінің негізгі жекпе-жегі екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO чемпионы, америкалық Джамел Херринг (22-2, 10КО) пен жартылай жеңіл салмақтағы IBF экс-әлем чемпионы, британдық Карл Фрэмптон (28-2, 16КО) арасында өтеді.
Тұраров үшін бұл - 2019 жылдың шілдесінен бергі алғашқы жекпе-жек. Сол кезде ол Нұр-Сұлтанда аргентиналық боксшы Мауро Максимилиано Годойды (32-6-1, 17КО) үшінші раундта нокаутқа жіберген болатын.