02 сәу, 2021 сағат 14:34

Жанқош Тұраров WBO титулын қорғау алдындағы салмақ өлшеуге келмеді

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17КО) британдық Тайрон Маккенамен (21-2-1, 6 КО) болатын айқас алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен уақтылы өте алмады, деп хабарлайды Sports.kz.

Боксшылар ертең 3 сәуір күні Дубайдағы Caesars Palace аренасында жекпе-жекке шығуы керек. Бәсекеде Тұраровқа тиесілі бірінші жартылай орта салмақтағы WBO Inter-Continental чемпионы титулы сарапқа салынады.

Айқас алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне тек Маккенна келді. «Алып кельттің» салмағы 63,5 санаттағы лимит кезінде 63,3 килограмды құрады. Шараның жүргізушісі қазақстандық боксшы «соңғы унцияларды» тастау үшін қосымша уақыт сұрағанын және таразыға кешірек түсетінін мәлімдеді.