03 сәу, 2021 сағат 15:01

Жанқош Тұраров коронавирус жұқтыруына байланысты жекпе-жекке шықпайтын болды

Ертең Дубайда өтетін бокс кешінде жекпе-жекке шығуға тиіс қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров коронавирус жұқтыруына байланысты жұдырықтаспайтын болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл жайында спортшы өзінің Instagram парақшасында жазды. 

«Өкінішке қарай, бүгінгі турнирде өнер көрсете алмайтын болдым. Бәрі дүние жүзін жаулап тұрған короновирусқа байланысты. Дубайға келген күннен бастап ентігу, температура, мұрынның бітуі, дәм сезбеу симптомдары пайда болды. Турнирге шығар алдында міндеттелген ПТР тест оң нәтиже көрсетіп, мені қонақ үй номерінде оқшаулады. Салмақ өлшеу рәсіміне шыға алмауымның себебі осы болды» деп жазды Жанқош Тұраров.

Өзінің айтуынша, ол ештеңеге қарамастан номер ішінде де скакалка секіріп, жүгіру арқылы жаттығуды тоқтатпай, өз формасын ұстап, бекітілген салмаққа жеткен. 

Сөйтіп оқшауланған күйде номер ішінде салмақ өлшеу рәсімі өткізілген. 

«COVID-19 қайтадан ПТР өткізуді өтіндік, өкінішке қарай бүгінгі нәтиже тағы да «оң» көрсетті. Айналама, қоршаған ортама деген жауапкершілікті сезіне отырып, коронавирустың тез жұқпалы екенін ескере отырып турнирден шеттетілдім. Егер дәл осы диагноз болмағанда қазіргі жағдайыммен-ақ маған 3 раунд жеткілікті еді. Бірақ, амал қанша, барлығы бір Алланың қалауы. Бүкіл әлемді дүрліктіріп тұрған мына дерттен аман болыңыздар, ауырмаңыздар» дейді боксшы.