Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ категориясындағы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстандық боксшылардың позициясы:
Екінші орта салмақта Айдос Ербосынұлы төртінші орында қалды. Бұл дивизионның жоғары сатысында WBO әлем чемпионы британдық Билли Джо Сондерс тұр. Ал үздік үштікті Ұлыбританияның тағы бір өкілі Зак Паркер, америкалық Дэниэл Джейкобс және канадалық Дэвид Лемье түйіндеді.
Орта дивизионда Жәнібек Әлімханұлы үшінші орыннан екінші орынға көтерілді, Қанат Ислам бір сатыға төмен түсіп, бесінші орында тұрса, ал Мейірім Нұрсұлтанов 13-орында қалды. Рейтингіде бірінші орын мексикалық Хайме Мунгияға тиесілі, ал бразилиялық Эскива Фалькао үздік үштікте.
Орта салмақтағы WBO әлем чемпионы — АҚШ боксшысы Деметриус Андраде.