19 нау, 2019 сағат 13:00

Жәнібек Әлімханұлы 2 бірдей белбеу үшін жұдырықтасады

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) 12 сәуірде қос бірдей белбеу үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" спортшының PR-менеджері Берік Сұлтанға сілтеме жасап.

Бұл кездесу - қазақстандық спортшының кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегі болмақ.

«Жәнібек Әлімханұлы 12 сәуірде Лос Анжелесте WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеуі үшін 10 раундттық жекпе-жек өткізеді. Жәнібектің қарсыласы - кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, оның 16-ында жеңген, құламаған тәжірибелі мексикалық Кристиан Олливас. Бұл - біз үшін өте жауапты жекпе-жек. Осы шоудан соң Қазақ бoкс стилі әлемге кеңінен танылады», - деп жазды Берік Сұлтан Facebook желісінде.

Айта кетейік, 12 сәуірдегі басты жекпе-жек украиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) мен британдық Энтони Кролла (34-6-3, 13 КО) арасында өтеді. В. Ломаченко жеңіл салмақтағы WBA және WBO белбеулерін қорғайды.